...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Достық даңғылы мен Сатпаев көшесінің қиылысы түнде жабылады

Алматының орталық бөлігіндегі Достық даңғылы мен Сатпаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу кабель желісін тарту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Алматыда 22-23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сатпаев көшесінің қиылысында кернеуі 10 кВ кабельдік желіні тарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысын уақытша жабу жоспарланып отыр», — деп мәлімдеді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында.

Кабель тарту жұмыстары ашық әдіспен сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң мердігер ұйым жол жабынын және абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді.

Жүргізушілерге маршруттарын жоспарлау кезінде алдағы шектеулерді ескеру ұсынылады.