...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы мен тағы екі қалада смог болжанып отыр

«Қазгидромет» болжамы бойынша, дүйсенбі күні Алматы мен Жезқазғанда, сондай-ақ түнде Атырауда атмосферадағы ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) — бұл жер бетіне жақын ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

23 қарашада Қазақстанның барлығын дерлік ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде.