...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

30 команда 5 елден: Алматыда жас зерттеушілердің халықаралық турнирі басталды

Алматыда мектеп оқушылары арасында халықаралық зерттеу турнирі өтіп жатыр. Іріктеу кезеңінде 5 елден 600-ден астам қатысушы өз ғылыми жобаларын ұсынды. Финалға тек 30 үздік команда шықты. Енді төрт күн бойы олар өз идеяларын қорғап, бас жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда мектеп оқушыларына арналған халықаралық зерттеу турнирінің финалдық кезеңі басталды. Ол 4 күнге созылады. Бірақ оған жету жолы бір ай бұрын басталған еді: шешуші кезеңге шығу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Мысыр, АҚШ және Кипрден келген 600-ден астам оқушы бақ сынады. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға тек 30 үздік команда шықты.

«Бұл жарыстың көптеген артықшылығы бар, біріншіден, сіз тек зерттеу жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар жақсы research қалай жүргізу керектігін үйренесіз және дәл осы дағды университетке түсу кезінде өте қажет болады», — деп санайды Өзбекстаннан келген қатысушы Озодбек Азизов.

Турнир екінші рет өткізілуде, алайда оның форматы әлі де бірегей болып қала береді. Мұнда жалғыз дұрыс жауап жоқ – қатысушылар ұсынылған тапсырмаларды өз бетінше зерттеп, стандартты емес шешімдер тауып, оларды қазылар алқасы алдында қорғауы керек. Барлығы ағылшын тілінде сөйлейді. Ал сынақтар бірден 4 ғылыми бағытты қамтиды: математика, физика, химия және биология.

«Турнир былай өтеді: үш командадан тұратын аудитория бар және бірінші команда қандай да бір тапсырманы баяндайды, екінші команда осы командаға қарсы шығып, алдыңғы қатысушының баяндамасындағы, презентациясындағы кемшіліктерді, күшті жақтарын атап өтеді», — деді ұйымдастырушы Биназир Зиманова.

Турнир қорытындысы бойынша бір команда Гран-при иегері атанып, 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Сонымен қатар, қазылар алқасы бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленген жеңімпаздарды анықтайды. Тағы 5 үздік топ марапатталады.

Дереккөз: Almaty.tv