...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

30 бен 76 жас аралығындағы қазақстандықтарға тегін скринингтен өту маңыздылығы ескертілді

Қазақстан тұрғындары тіркелген емханада профилактикалық скринингтік тексеруден тегін өте алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік бағдарлама аясында келесі скринингтер жүргізіледі:

  • 40 жастан 76 жасқа дейін (әр 2 жыл сайын) — артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг;
  • әйелдерге 40 жастан 76 жасқа дейін (әр 2 жыл сайын) — сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг;
  • әйелдерге 30 жастан 74 жасқа дейін (әр 4 жыл сайын) — жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг;
  • ерлер мен әйелдерге 50 жастан 76 жасқа дейін (әр 2 жыл сайын) — колоректалды обырды ерте анықтауға арналған скрининг;
  • ерлерге 50 жастан 76 жасқа дейін (әр 2 жыл сайын) — ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтауға арналған скрининг.

Алматы қалалық №11 емханасының профилактика бөлімінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар ерте кезеңдерінде симптомсыз өтеді.

«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілер пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді. Патология неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді және асқыну қаупі төмен болады. Сондықтан профилактикалық тексерулерден үнемі өтіп, денсаулығыңызды кейінге қалдырмау маңызды», — деп атап өтті Алёна Ришатовна Зекунова.

Скринингтер мемлекеттік бағдарламалар аясында тегін жүргізіледі. Жасыңыз бойынша тексеруге жататыныңызды тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден білуге болады.

Дереккөз: Almaty.tv