16 тамызда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мәліметінше, бұл қалаларда ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) тіркелуі мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін «Қазгидромет» 16 тамызға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.
