...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

10-12 қыркүйекте Алматыда +35°С-қа дейін ыстық сақталады, ал Астана мен Шымкентте суытады

Синоптиктердің болжамынша, 10-12 қыркүйекте Алматыда ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі, ал Астана мен Шымкентте салқындау болады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің үш ірі қаласының тұрғындарына жаңбырға дайын болу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Метеорологтар Қазақстан бойынша 10, 11 және 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы:

10 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

11 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +26+28°С.

12 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай. Жел – секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +18+20°С.

Астана:

10 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

11 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

12 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

Шымкент:

10 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

11 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.

12 қыркүйек: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С.