Алматыда басқарусыз қалған автокран бірнеше қоршауды құлатып, ВОАД-тағы тротуарға соғылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматыдағы ВОАД (Үлкен Алматы айналма жолы) учаскесінде болған. Автокран таудан төмен қарай сырғанап, жол бойындағы бірнеше қоршауды қиратып, тротуарға соқтығысқан.
