...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Бублик Almaty Open жартылай финалында жарақатқа байланысты ойынды тоқтатты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалында ресейлік Даниил Медведевке қарсы матчты аяқтай алмады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кездесу 24 қазанда Алматыда өтті. Бірінші сет 6:3 есебімен Медведевтің пайдасына аяқталған соң, қазақстандық теннисші ары қарай ойнаудан бас тартты.

Бубликтің ойынды тоқтатуына бір күн бұрын Карен Хачановқа қарсы ширек финалда алған жарақаты себеп болды.

Жартылай финал бар болғаны 21 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик үш эйс жасап, бірде-бір қосарланған қателікке жол бермеді. Медведев тоғыз брейк-пойнтпен көзге түсіп, екі брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Осылайша, Александр Бублик өз еліндегі турнирдегі өнерін аяқтады, ал Даниил Медведев Almaty Open финалына шығып, онда грузиялық теннисші Николоз Басилашвилимен кездеседі.