...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда қаңғыбастарды көшеден жүздеп алып кетеді: не болып жатыр

Алматы полициясының учаскелік инспекторлары тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығына 388 адам жеткізілген. Оның 54-і одан әрі көмек алу үшін мекемеде қалған. Қалғандары тексеруден және алғашқы қараудан кейін ұсынылған көмектен бас тартқан.

Рейдтер кезінде полицейлер адамдардың жеке басын анықтайды, оларды ақпараттық есепке алу жүйелері бойынша тексереді және қажет болған жағдайда тиісті қызметтерге жібереді.

Тамыз айында Алматы шетіндегі тұрғындар аудандағы жалғыз саябақты қаңғыбастар мекендеп алғанына шағымданған. Олар шу шығарып, алкоголь ішіп, өтіп бара жатқандарға жоламақ болады екен.