25 қазанда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында айтылған. Қолайсыз метеожағдай — желсіз тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың қосындысы.
Мұндай құбылыстар қоспалардың таралуына кедергі келтіріп, атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың белсенді жиналуына ықпал етеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында 25 қазанда ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендейтінін ескерткен болатын.
