...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қазақстандықтар Алматыдан Оңтүстік Кореяға жаңа рейспен ұша алады: Пусана бағыты ашылады

Қазақстандықтар 1 мамырдан бастап Алматыдан Оңтүстік Кореяның Пусана қаласына жаңа әуе рейсімен ұша алады. Рейстерді аптасына екі рет оңтүстіккореялық EasterJet әуекомпаниясы орындайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдікте жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласын Алматымен байланыстырып, елдер арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтатынын атап өтті. 2025 жылы Алматыға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға артық.

Жаңа маршрут Оңтүстік Кореяның ең ірі портты қаласын Алматымен байланыстырып, елдер арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтады және саяхаттарды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді, — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz