Алматыда Саин даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде автобус ер адамды қағып кетті. Жүргізушінің айтуынша, ол екі ер адамның жүгіріп шыққанына алаңдап, олардың артынан жүгіріп келе жатқан үшінші жаяу жүргіншіні байқамаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға тікелей жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Автобус астына түскен ер адам ауыр жарақат алды.
Жүргізушінің сөзіне қарағанда, жаяу жүргінші масаң күйде болған. Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қазіргі уақытта реанимацияда дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
Сондай-ақ Павлодардағы жаяу жүргіншілер өткелінде реанимобиль әйел адамды қағып кеткен.
Дереккөз: Zakon.kz