2026 жылы Алматының Жетісу ауданында коммуналдық желілерді қайта жаңарту бойынша сегіз жоба іске асырылуда. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жобалар 7 км-ден астам су құбыры және шамамен 1 км кәріз желілерін жаңартуды көздейді.
Сонымен қатар, 2-ші Гончарная көшесінде ұзындығы 340 метр болатын жылу желілерін қайта жаңарту басталды. Учаскеде уақытша желілер төселген. Жобаны үш ай ішінде аяқтау жоспарланған.
Параллельді түрде кернеуі 6–10 кВ кабельдік электр желілерін жаңғырту жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Дереккөз: Almaty.tv