Қазақстандық теннисшілер Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде екі жаңа медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ҰОК сілтеме жасап.
WTT Youth Contender сериясындағы турнир Алматыда өтуде. U13 санатындағы жарыста Дулат Ералхан финалға дейін жетіп, онда өзбекстандық Амир Шириевпен кездесті. Матч қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды.
Осы жас тобында Қазақстанға тағы бір жүлдені Олег Яковлев әкелді. Ол үшінші орында қорытындылап, қола медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Олег Яковлев Мария Лукьяновамен (U15) бірге аралас жұптық разрядта да қола жүлдегер атанған болатын.
Дереккөз: Inform.kz