Қазақстандық әнші Жанар Дугалова «КешYOU» тобының экс-солисі ретінде Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әнші сахнадағы сәттерді жеке Instagram парақшасында жариялады.
«Алматы, үлкен рақмет! Қайрат Нұртас сахнада 20 жыл! Шығармашылық кешіңмен құттықтаймын!» — деп жазды әртіс.
Жанар сахнаға күміс түсті сәнді көйлекпен шығып, мінсіз бейнесін айшықтады. Ол Қайрат Нұртаспен бірге дуэт орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға сәйкес, көрермендер әншінің өнеріне тәнті болды.
«Жанар, өтінеміз, жеке концерт беріңіз», «Жанар — аңыз әнші», «Дауысы — құлаққа рахат», «Сіздің дауысыңыз қайталанбас», «Керемет дуэт», «Менің сүйікті әншім», «Жеке концертіңізді күтеміз», «Жанар өзгерді ме? Керісінше, одан да әдемі болды», «Дауысы от, шынымен де өте талантты», — деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін Жанар Дугалова Астанада өткен «КешYOU» концертінде сахнаға 31 метр биіктіктен түскені хабарланған болатын.
