Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 7 қазанда Алатау ауданында, Орталық киім базарының маңында кезекті рейд өткенін хабарлады. Тәртіп сақшылары трициклдердің тіркелуін, қажетті құжаттардың және жүргізуші куәліктерінің болуын, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларының сақталуын тексерді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция трициклдің белгіленген тәртіппен тіркелуі, ал жүргізушінің тиісті басқару құқығына ие болуы қажет екенін еске салады.
Қыркүйек айының соңында Алматыда құтқарушылар, прокуратура, газ қызметі, әкімдік өкілдері және еріктілер ауқымды кешенді профилактикалық іс-шара аясында рейдтерге біріккені белгілі болды. Рейдтердің міндеті – әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдардың үйлерін профилактикалық аралау.
