...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Түрксіб ауданындағы өрт: тұрғын үй мен үш мотоцикл сақталды

Алматының Түрксіб ауданында ТЖМ қызметкерлері бір қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп, жалынның қасындағы тұрғын үйге ауысуына жол бермеді. Өрт сөндіру кезінде ғимарат ішіндегі техниканы сақтап қалуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Түрксіб ауданының Қайрат шағын ауданындағы өрт туралы хабарлама 112 қызметінің пультіне түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бір қабатты ғимараттың шатыры отқа оранғаны анықталды. Ғимараттардың жақын орналасуына байланысты жалынның көрші тұрғын үйге таралу қаупі туындаған.

ТЖМ қызметкерлері өртті жедел оқшаулап, оттың одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт сөндіру кезінде түтінденген ғимараттан үш мотоцикл мен жеңіл көлік эвакуацияланды, осының арқасында мүлік сақталып қалды.

Өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Inalmaty.kz