...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 21 жастағы жігіт ортақ балконнан құлап қаза тапты

Бостандық ауданында 21 жастағы жігіт тұрғын үйдің ортақ балконынан құлап, қаза тапты. Оқиға кешкі уақытта болған. Жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына полиция және жедел қызмет қызметкерлері келді. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды, ол 21 жаста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында жігіт ыстық ауа-райына қарамастан сырт киіммен болған. Бұл және басқа да мән-жайлар тергеу барысында тексеріледі.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап, қайтыс болған адамның өмір салтын, оның айналасын және тергеу үшін маңызы бар басқа да мәліметтерді зерттеуде.

Дереккөз: Inalmaty.kz