Бостандық ауданындағы Қосмостанция маңында құтқарушылар 2006 жылы туған қызға көмек көрсетті. Ол таудан түсу кезінде аяғын тайдырып алып, өз бетімен жүре алмай қалған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, зардап шеккен қыз аяғын бұрап алып, маршрутты жалғастыра алмаған. Құтқару қызметінің қызметкерлері оны таулы аймақтан эвакуациялап, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық апаттар орталығының бригадасына тапсырған.
ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, жер бедерінің күрделілігін ескеріп, өз күшін объективті бағалау қажеттігін еске салады.
Дереккөз: Inalmaty.kz