...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматы әкімдігі 20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саина көшесінен Отарская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағыттағы автокөлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жол жүрісін қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге алдын ала бағдарды жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады.

19 маусымда Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) құрылысына байланысты Момышұлы көшесінде де уақытша шектеулер енгізілетіні хабарланған болатын. Себеп – құрылыс жұмыстарының басталуы.

Дереккөз: Zakon.kz