
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан «Береке» заңсыз базарының бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Меншік иесі сауда алаңдарын рұқсат құжаттарынсыз салған. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты басқарма Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа заңсыз құрылыстарды бұзу туралы талап арыз берген.
Сот өз бетінше салынған сауда үй-жайларын бұзу туралы шешім қабылдады, содан кейін сот шешімі Әділет департаментіне орындауға жіберілді.
Меншік иесі бірінші сатыдағы сот шешімін орындап, құрылыстарды өз еркімен бұзды.
Дереккөз: Almaty.tv