Су добынан Қазақстан чемпионатының финалында Тараз бен Алматы құрамалары кездесті. Шешуші ойын қорытындысы бойынша тараздық ватерполшылар чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы командасы екінші орынға ие болды. Астана үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін қазақстандық спортшы триатлоннан Азия Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанғаны хабарланған еді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
