Алматыда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада тозған желілер жаңартылып, жаңа шағын аудандар орталықтандырылған коммуникацияларға қосылып, ақылды су есептегіштер енгізілуде.
ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматы әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты: Т1 терминалы шілдеде аяқталады, Т2-де төбе жаңартылып жатыр. Бас жоспар бойынша өткізу қабілеті 40 млн жолаушыға дейін артады.
Алматыда Ауэзов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке алаңның жаңғыртылуына байланысты орнын ауыстырды. Бұрын сауда қатарлары Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан еді.
23 сәуірден бастап Алматыда орта қысымды газ құбырын жоспарлы жаңғырту жұмыстары басталады. Жұмыстар пр. Аль-Фараби мен Мендіқұлов көшелерінің қиылысында жүргізіледі.