...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс: үш пәтер зардап шекті

Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде қатты жарылыс болып, үш пәтер зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға кезінде пәтерде бес адам, оның ішінде екі бала болған. Куәгерлер болған жайт туралы айтып берді, деп жазады КТК телеарнасының сайты.

«Таңғы 6:50-де қатты жарылыс естідік. Көргеннен шошып кеттік. Жүгіріп барып, балаларды дереу сыртқа шығардық. Сосын өртті сөндіре бастадық. Кейін жедел жәрдемнің келгенін көрдім. Балаларды ауруханаға алып кетті», — деп әңгімеледі сантехник Саламат Ганиев.

Тоғыз және он бір жастағы екі бала жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер тексергеннен кейін оларды үйлеріне жіберді.

Сонымен қатар соққы толқыны тағы үш пәтерді зақымдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газдың ағуы себеп болуы мүмкін.

«Үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, себебі табиғи газдың ағуы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жауапты қызметтер болған жайттың себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр», — деп түсіндірді Алматы әкімдігінде.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болғаны туралы ақпарат тараған. Мегаполис әкімдігінде оқиғаға қатысты пікір білдірді.