...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда аялдамалар орны ауысып, автобус бағыттары өзгереді

Алматыда 23 қазаннан бастап бірнеше автобус бағыты өзгереді, ал кейбір аялдамалар басқа жерге көшіріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл шектеулер жол жөндеу жұмыстары мен инженерлік желілерді салуға байланысты енгізіледі.

Өзгерістер қала тұрғындары мен қонақтарының қоғамдық көлікпен жүріп-тұруына әсер етеді, сондықтан жолаушыларға бағыттардың жаңа схемасын алдын ала тексеру ұсынылады.