
23 сәуірден бастап Алматыда орта қысымды газ құбырын жоспарлы жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыстар пр. Аль-Фараби мен Мендіқұлов көшелерінің қиылысында жүргізіледі. Жоба аясында көшенің астынан прокол жасап, құбыр төсеу көзделген.
Барлық жұмыстар тротуар бөлігінде ұйымдастырылған, сондықтан Аль-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысына әсер етпейді. Жолды жабу жоспарланбаған. Жұмыстарды сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Жоба газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Компанияда бұл шаралар қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жұмыс жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.
Дереккөз: Almaty.tv