Алматылық спортшы Мейірлан Нұржанұлы тогызқұмалақтан Қазақстан чемпионы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды. Ельдар Дәкен де 21 жасқа дейінгі санатта ел чемпионы атанды.
Алматыда «Зерделі ұрпақ» тогызқұмалақ фестивалі басталды. Күн бойы спортшылар интеллектуалды партияларда жарысып қана қоймай, мықты ойыншылардан тәжірибе жинақтайды.