Алматыда Даулеткерей көшесінің бір бөлігінде жол жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер 30 мамырдан 1 маусымға дейін күшінде болады.
Алматыда Даулеткерей көшесінде көлік қозғалысы тәулік бойы ішінара жабылады. Шектеу 30 мамыр сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Наурызбай ауданында, Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі аралықта қолданылады.