...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Даулеткерей көшесінің бір бөлігі бір тәулікке жабылады

30 мамыр сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Наурызбай ауданында Даулеткерей көшесінің Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл – асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуге байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жұмыстар қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша «Алматы қаласындағы батыс канализациялық коллекторын салу» жобасы аясында жүргізілуде.

Жобаның жалпы ұзындығы 35 км – Жандосов көшесінен қалалық тазарту құрылыстарына дейін. Ол шамамен 200 мың тұрғынды орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етуге, инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға және қала аудандарын одан әрі дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Дереккөз: Inform.kz