Әлем
Қазақстанның тарихы мен дәстүрі Шанхайдағы халықаралық көрмеде таныстырылды
Алматы музейлерінің қорларынан алынған 100-ге жуық бірегей экспонат Қытайдың ірі музейлерінің бірінде қойылды. Келушілер сирек кездесетін тарихи артефактілерді көрумен қатар, заманауи цифрлық технологиялар арқылы қазақтың ұлттық аспаптарының үнін ести алды.