...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қаржы

Stadler пойыздары Астанадан Алматы мен Семейге қашан жүреді

Stadler жаңа вагондарымен жабдықталған пойыздарға билеттерді 5 қарашадан бастап сатып алуға болады, ал алғашқы құрамдар Астанадан Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада аттанады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана–Алматы бағытында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы, ал астана мен Семей арасында №153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы қатынайды.

«Жаңа вагондар елдің климаттық ерекшеліктері мен жолаушылар тасымалына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Stadler Kazakhstan зауытында өндіріледі. Купе вагондары 40 жолаушы орнына, плацкарт вагондары 56 орынға есептелген», — делінген хабарламада.

Вагондарда климат-бақылау жүйелері, жеке жарықтандыру, 220 В розеткалар, USB және USB-C порттары, сондай-ақ бейнебақылау жүйелері бар. Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Пойыз құрамдарында ыстық тағам, сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын вагон-буфет жұмыс істейді.

№3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы күн сайын қатынайды, ал №153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы тақ күндері жүреді.

Бұған дейін Қазақстанда қараша айында 106 жаңа вагонды іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.