...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы метросындағы төтенше жағдай: жарылғыш зат табылмады, метро қалыпты режимде

Алматы метросында төтенше жағдай болды, жолаушыларды автобуспен жүруге сұрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары метроның жұмысына қатысты сұрақтар қойды. Куәгерлердің бірі «Райымбек батыр» станциясында полицейдің есікті жауып, «Метро жұмыс істемейді» дегенін жазды. Жолаушыларды одан әрі автобуспен жалғастыруға өтінген.

Метрополитеннің баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күдікті заттар табылмаған.

Қазіргі уақытта Алматы метрополитені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде.

Еске сала кетсек, 4 қарашада Алматы полициясы метродан қару – кастет ұстаған жас жігіттің ұсталғанын хабарлаған болатын.