Алматыда 7 және 8 қарашада Шевченко көшесінде, Пушкин мен Қонаев көшелерінің аралығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде тұрғындар мен қала қонақтары ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады.
Бұған дейін нутрициолог және превентивті диетолог Виктория Кострова қайта өңделген ет пен дұрыс пісірілмеген ет тағамдарын тұрақты тұтыну денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін ескерткен болатын. Ол шұжық, бекон және күйіп кеткен қабықтың қауіптілігі туралы айтты.
