«Нұрлы жол» станциясынан Алматы-2 және Семей бағытындағы жаңа Stadler вагондарынан жасақталған пойыздарға билеттер 2026 жылғы 5 қарашадан бастап сатылымға шығады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі таңда 100-ден астам Stadler вагоны қабылданған. Оларды кезең-кезеңімен пайдалануға беру жолаушылардың сапар жайлылығын және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
№3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы күн сайын қатынайды. «Нұрлы жол» станциясынан аттану уақыты – 13:10, Алматы-2 станциясына келу – келесі күні 08:30. Кері бағытта Алматы-2 станциясынан аттану – 12:12, «Нұрлы жол» станциясына келу – келесі күні 07:03.
№153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы тақ күндері қатынайды. «Нұрлы жол» станциясынан аттану – 16:40, Семей станциясына келу – келесі күні 06:10. Кері бағытта Семей станциясынан аттану – 15:00, «Нұрлы жол» станциясына келу – келесі күні 05:05.
Stadler купе вагондары 40 жолаушыға, плацкарт вагондары 56 жолаушыға арналған. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.
Жаңа вагондар Stadler Kazakhstan зауытында елдің климаттық ерекшеліктері мен жолаушылар тасымалына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып өндіріледі. Вагондарда климат-бақылау жүйелері, жеке жарықтандыру, 220 В розеткалары, USB және USB-C порттары, сондай-ақ бейнебақылау жүйелері бар. Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Пойыз құрамында ыстық тағамдар, сусындар және жеңіл тағамдар сатып алуға болатын буфет вагондары жұмыс істейді.
2026 жылғы 4 қарашада көлік вице-министрі Максат Қалиакпаров жаңа Stadler вагондары қай бағыттарда қатынайтынын және жолаушылар олармен алғашқы сапарға қашан шыға алатынын айтты.
«Бүгінгі таңда 100-ден астам Stadler вагоны қабылданды. Оларды кезең-кезеңімен пайдалануға беру жолаушылардың сапар жайлылығын және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Ануар Ахметжанов.
