
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, роботтар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған және ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына жібере алады. Сондай-ақ олар күдікті заттарды анықтап, түтін мен өртті тіркейді, автоматты түрде жедел қызметтерге сигнал жібереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Болашақта роботты кешендерді арнайы және терроризмге қарсы операциялар кезінде қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Жаңғыртудан кейін олар қауіпті нысандарды қашықтан тексеріп, күдікті заттарды қызметкерлерге қауіп төндірмей жылжыта алады.
Бұған дейін Астана полициясы робот-итті қызмет барысында көрсеткен болатын. Роботтандырылған платформалар Астана мен Алматыда қолданыла бастады. Енді заманауи технологиялар Ақтау тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жұмыс істейтін болады.
Дереккөз: Zakon.kz