...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауларында жарақат алған туристі құтқарушылар эвакуациялады

Алматы тауларында аяғын сындырған туристі ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады. Зардап шеккен адам дәрігерлерге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жарақат алған адамның жанында екі еріп жүруші болған. Оқиға туралы хабар түскен соң, «Барыс» республикалық құтқару отрядының жедел тобы дереу оқиға орнына жол тартты.

Құтқарушылар Кимасар шатқалына жетіп, туристің орналасқан жеріне жаяу көтерілді. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында жігітті тауып, тасымалдауға дайындап, Кимасар шатқалына эвакуациялады.

Төмен түсірілген соң зардап шеккен адамды тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды. Кейін туристі одан әрі емдеу үшін ауруханаға жеткізді.

Дереккөз: Inalmaty.kz