
Қазақстанның үш ірі қаласында маусымның алғашқы үш күнінде ауа райы күрт өзгереді: найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
1 маусымда Астанада түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
2 маусымда Астанада түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С.
3 маусымда Астанада жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.
Алматыда 1 маусымда жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.
2 маусымда Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +21+23°С, күндіз +30+32°С.
3 маусымда Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15-18 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С.
Шымкентте 1 маусымда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.
2 маусымда Шымкентте жауын-шашынсыз, жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.
3 маусымда Шымкентте күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.
Бұған дейін Қазақстанға келе жатқан ыстықтың кардиологтарды алаңдатып отырғаны хабарланған.
Дереккөз: Zakon.kz