...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қыз жардан құлап, басын жарақаттады: Алматы тауында құтқару операциясы

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, қыз жардан құлап, басын жарақаттап, өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті куәгер көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Эвакуациялау және тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Эвакуациядан кейін зардап шеккен қыз «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Бұған дейін Алматы тауларында құтқарушылар маршруттан адасып, өздігінен түсе алмаған сегіз жасөспірімге көмек көрсеткен болатын.

Дереккөз: Zakon.kz