Алматыда құрылыс қоқысы арасынан қару табылды. Жетісу ауданы полиция басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қарумен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер мылтықтың шығу тегін және оны жасыруға қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында полицияға нағыз мұражай экспонаты – 1900 жылы шығарылған аты аңызға айналған «Браунинг» жүйесіндегі тапанша әкелінген еді.
Дереккөз: Zakon.kz