...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қазгидромет алматылықтар мен астаналықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Алматы, Астана және тағы бірқатар қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚМЖ – бұл жер бетіне жақын атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 10 шілдеге дауылды ескерту жариялаған болатын. «Қазгидромет» деректері бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде жұма күні +42°C-қа дейін қатты ыстық, жаңбыр және бұршақ күтіледі.

Дереккөз: Zakon.kz