...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

«Қазгидромет» 6 шілдеде бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

6 шілдеде Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» релизіне сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 6 шілдеде Астанада және Қазақстанның барлық он жеті облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескерткен болатын.

Дереккөз: Zakon.kz