...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ACT Creative Tech Week 2026 өтеді: Корея мен Қазақстан сарапшылары бас қосады

2026 жылғы 23-26 шілде аралығында Алматыда ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді. Бұл форум білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстан мен Корея Республикасының өкілдерін біріктіреді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Форумды өткізу Сеулде «Диалог» аудармашылар одағы қоғамдық бірлестігі, Academy of Creative Technologies (ACT) және YLAB Academy арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырудың алғашқы практикалық қадамы болды. Құжат білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты көздейді. Тараптар бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлейді, халықаралық іс-шаралар өткізеді және кәсіби тәжірибе алмасады.

ACT — ALT University базасындағы халықаралық білім беру платформасы, ол AI, IT және креативті технологиялар саласында мамандар дайындайды. YLAB Academy — вебтундар және зияткерлік меншікті (IP) дамыту индустриясының әлемдік көшбасшыларының бірі YLAB компаниясының білім беру бөлімшесі.

Дереккөз: Almaty.tv