...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы ірі өрт: ер адам ауыр күйікпен реанимацияға түсті

Наурызбай ауданындағы уақытша тұрғын үй ғимараты өртеніп, ішінен ауыр күйік алған ер адам табылып, ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өрт Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Достық» шағын ауданында болды. От шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтыған уақытша тұрғын үйді шарпыды.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Өртті алдымен оқшаулап, кейін толық сөндіріп, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді.

Өрт сөндірушілер отпен күресіп жатқанда, полиция қызметкерлері аумақты қоршап, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялап, қауіпсіз қашықтыққа шығарды.

«Өрт сөндірілгеннен кейін ішінен ер адам табылды. Ол ауыр жағдайда, кең көлемді күйіктермен ауруханаға шұғыл жатқызылды», — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде ер адам масаң күйде болған.

Өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандар өрт-техникалық сараптама тағайындады.

Дереккөз: Nur.kz