Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) файтері Даурен Ермеков ресейлік ACA лигасының үй турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ACA 205 шоуы жұма күні Алматыда өтті. Ермеков негізгі кард аясында орта салмақта (84,4 келіге дейін) бразилиялық Рене Пессоамен жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші бесминуттықта қазақстандық доминантты партер позициясынан тұншықтыру әдісін сәтті орындады.
38 жастағы Ермеков ACA-да үшінші рет жеңіске жетті. Оның еншісінде кәсіби ММА-да 18 жеңіс және жеті жеңіліс бар.
37 жастағы Пессоа қатарынан екінші рет жеңілді. Бразилиялықтың активінде 26 жеңіс және 13 жеңіліс.
Дереккөз: Nur.kz