Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 20-22 тамыз аралығында Қазақстанның кейбір өңірлерінде қатты жаңбыр мен +41°C-қа дейінгі аномальды ыстық бір мезгілде тіркеледі. «Қазгидромет» Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша нақты болжам жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 20 тамызда ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады. Айнымалы бұлттылық, кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 21 тамызда жауын-шашынсыз, түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С. 22 тамызда да жауын-шашын күтілмейді, түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда 20 тамызда таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. 21 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С. 22 тамызда да жаңбырлы, түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.
Шымкентте 20-21 тамызда жауын-шашынсыз, түнде +19+21°С, күндіз +35+37°С. Жел солтүстік-батыстан, содан кейін солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. 22 тамызда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, түнде +19+21°С, күндіз +33+35°С.
