Алматыда өтіп жатқан халықаралық WTT Youth Contender турнирінде Қазақстан медаль есебін ашты. Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық разрядта қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Турнир барысында спортшылар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия дуэттерін жеңді. Жартылай финалда олар Үндістан жұбына есе жіберіп, үшінші орынды иеленді.
Бұған дейін Қазақстанның әйелдер арасындағы үшінші ракеткасы Жібек Құламбаева соңғы аптада WTA 250 санатындағы жұптық разряд турнирлерінде жанкүйерлерді өз нәтижелерімен қуантып келеді.
Дереккөз: Zakon.kz