Алматының Алмалы ауданында тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап қайтыс болған 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, пәтерді қарау кезінде тергеу-жедел тобы тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды анықтаған. Атап айтқанда, жазба табылған, оның мазмұны тергеу амалдары аясында зерттелетін болады.
Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық бейнесін қалпына келтіріп, ықтимал себептерді, қайтыс болған әйелдің өмір салтын, айналасындағы адамдарды және трагедияға әкеп соқтыруы мүмкін басқа да мән-жайларды зерттеуде.
Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Дереккөз: Inform.kz