...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қаскелеңде жасөспірімдер бір топ ер адамды ұрып-соқты: видео

Қаскелеңде бір топ жасөспірім мас күйіндегі бірнеше ер адамды ұрып-соққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер мас күйіндегі ер адамға дене жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жиналған материалдар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді. Заңды өкілдердің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді. Зардап шеккен адам ешқандай шағымы жоқ және арыз беруден бас тартқан.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдердің балалардың тәрбиесі, мінез-құлқы және қауіпсіздігі үшін жеке жауапты екенін ескертті. Кез келген құқыққа қайшы әрекет, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық бағаланады.

Дереккөз: Nur.kz