...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қансыраған ер адам Алматыдағы жолаушыларды үркітті

Түнгі уақытта полицияның жедел басқару орталығына оқиға туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, Алатау ауданының «Шаңырақ-2» шағынауданында көше бойымен қансыраған ер адам жүріп келе жатқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері ақпаратты растады. Зардап шеккен адам ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер келгенге дейін полицейлер оған алғашқы көмек көрсетіп, қан тоқтатқан, содан кейін ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырып, ауруханаға жеткізуге көмектескен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам масаң күйде болған. Ол туған күнді тойлау кезінде дастарқан басындағылар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқанын айтқан. Төбелес кезінде ол пышақ жарақатын алған.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және жанжалға қатысушылардың жеке басын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін Алматыда түнде бір қиылыста масаң ер адам пышақтармен адамдарды үркіткені хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz