Алматыда полицейлер түнде Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында екі пышақты бұлғап, қауіп төндірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қарулы адам туралы хабарлама «102» пультіне куәгерлерден түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция экипажы ақпаратты растап, бұзушыны жедел залалсыздандырған.
Полиция мәліметінше, ұсталған адам бұрын сотталған, жұмыссыз және масаң күйде болған. Ол өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, ұсталған адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Полиция департаменті тұрғындарға сергектік танытқаны үшін алғыс білдіріп, «102» нөміріне уақтылы хабарламалар қылмыстың алдын алуға көмектесетінін еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz